Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2018 жылы Жамбыл облысында 1070 пәтер пайдалануға беріледі

2018 жылы Жамбыл облысында 1070 пәтер пайдалануға беріледі
Алматы. 17 қараша. 7kun.kz - Жамбыл облысында 2018 жылы 13 көпқабатты үй құрылысы аяқталып, 1070 пәтер пайдалануға тапсырылады. Бұл туралы Бақытжан Сағынтаевтың Жамбыл облысына жасаған жұмыс сапарында белгілі болды.   Бақытжан Сағынтаев Таразға келген бойда өңірдің бірқатар әлеуметтік нысандарын аралады. Премьер-министр «Арай» шағын ауданының көпқабатты тұрғын үйлерінің құрылысы мысалында өңірде «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасының іске асырылу барысымен танысты. Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдірайымов құрылыстың қазіргі жағдайы мен келешегі туралы баяндады. 2017 жылы облыста «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 17,7 мың м2-қа 258-ден астам пәтерді пайдалануға беру бойынша төрт жоба іске асырылып жатыр, сонымен қатар ЖТҚ бойынша 922 жер телімі бөлінген. 2018 жылы 13 көпқабатты үй құрылысын аяқтау немесе 1 070 пәтерді пайдалануға беру көзделген. Жалпы осы жылдың 10 айында Қазақстанда құрылыс қарқынының көрсеткіштері 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,8%-ға жақсарған. Барлығы 8,8 млн м2 тұрғын үй пайдалануға берілген. Қараша айында Қазақстандағы тұрғын үйді сатып алу және сату көлемі 29,9 пайызға өскен еді.

Похожие материалы