Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Иранға экспортталатын сиыр етіне қойылатын талаптар белгіленді

Иранға экспортталатын сиыр етіне қойылатын талаптар белгіленді
Алматы. 3 сәуір. 7kun.kz - 2018 жылдың 28 наурызында Иран астанасы Тегеран қаласында Қазақстан республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Вице-министрі Исаева басшылық еткен делегацияның Иран ветеринарлық ұйымымен ауыл шаруашылығы өнімдерін өзара жеткізу мәселелері бойынша екіжақты кездесуі өтті деп хабарлайды АШМ баспасөз қызметі.  Осы кездесу екі елдің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер мен қайта өңдеушілері арасындағы өзара қызығушылығына байланысты ветеринарлық ұйымдардың алдын ала жұмыстарының нәтижесі болып табылады. Келіссөз нәтижесі бойынша экспорттың ветеринарлық талаптары келісілді. Қазақстан республикасында өндірілген құс жұмыртқасы Иранга тек Иран Ислам Республикасының таллаптарына сай белгіленген (әр жұмыртқада өндірілген күні, оралған күні, жарамдылық мерзімі, өндіруші көрсетіледі) жағдайда ғана жеткізілетін болады. Малды арнайы бордақылау арқылы алынған қазақстандық мал еті халықаралық талаптарға сәйкес 5-6 күн бойы сақталатын болады, бұл өз кезегінде иран нарығында сұранысқа ие болуға әкеледі. Экспорттық тасымалды ағымдағы жылдың сәуірінен бастау жоспарланып отыр.

Похожие материалы