Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2019 жылдан бастап Уәжді пайымдауды қалыптастыру және пайдалану қағидалары күшіне енеді

2019 жылдан бастап Уәжді пайымдауды қалыптастыру және пайдалану қағидалары күшіне енеді

Алматы. 13 желтоқсан. 7kun.kz – 2019 жылдың басынан бастап Уәжді пайымдауды қалыптастыру және пайдалану қағидалары күшіне енеді. Бұл туралы Ұлттық Банк баспасөз қызметі хабарлады.

Ұлттық Банк Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы  «Уәжді пайымдауды қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» қаулы қабылданды.

Ұлттық банктің хабарлауынша, қаулыда уәжді пайымдауды қалыптастыру және пайдалану тәртібі мынадай мәселелер мен жағдайлар (фактілер, мән-жайлар) аясында айқындалды:

1) қаржы ұйымдарының менеджменті мен акционерлерін келісу кезінде;

2) банкпен, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларды айқындау және олармен мәмілелердің жеңілдік талаптарын белгілеу кезінде;

3) банктің, банк конгломератының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің сапасын бағалау кезінде;

4) банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы провизияларының (резервтерінің) барабарлығын бағалау кезінде.

Айта кетейік, ҚР Әділет министрлігінде 2018 жылдың 16 қарашасында тіркелген қаулы келесі жылдан бастап қолданысқа енгізіледі.

Похожие материалы