2019 жылдың қаңтар айынан бастап БТА банкке тиеселі пәтерлер мен жер телімдері сатыла бастайды
Алматы. 13 желтоқсан. 7kun.kz – 2019 жылдың қаңтарынан бастап Проблемалық кредиттер қоры қолда бар активтердің, оның ішінде тұрғын және коммерциялық жылжымайтын мүлік объектілерінің 25% - ын сатуды жоспарлап отыр. Компанияның басқарма төрағасы Дәулет Бақберген осылай мәлімдеді.
"Бүгінгі күні біз мүлікті сату ережелерін бекіттік. Бізге экономикалық айналымға қор балансында тұрған активтерді енгізу керек. Бұл жер учаскелері, жылжымайтын мүлік объектілері, сондай-ақ жылжымалы мүліктер. Мұнда Қаржы министрлігі тұлғасындағы акционердің позициясы мынадай: барлық мәмілелер ашық, электрондық сауда арқылы үш кезеңде- бағаны көтерудің голландтық әдісімен және төмендетудің екі кезеңінде өтуі тиіс. Қор тынымсыз жұмыс жүргізуде. Менің ойымша, қаңтар айынан бастап біз мүліктің үлкен көлемін ұсынамыз. Бұл бүгінгі таңдағы бізде балансымыздың 25 % - ы. Ол үшін БАҚ-қа хабарландырулар берілетін болады: барлығы сауда-саттық өткізу күні, мүліктің түрлері, оның бағалау құны туралы білетін болады. Оған қоса біз өз сайтымызды жаңартып, активтердің ағымдағы жай-күйін түсініп, олар бойынша бизнес — шешімдер қабылдайтын боламыз, - деді Бақберген.
Төрағаның ойынша, жылжымайтын мүліктердің басым бөлігі Алматы мен Астанада орналасқан.
" Алматыда жер учаскелері өте көп. Қазір біз әкімшілікпен бірге бірқатар бірлескен жобаларды іске асырудамыз. Басқа қалаларда, соның ішінде Астанада да активтер бар. Сондай-ақ бізде БТА-дан жұмыс істемейтін қарыз түрінде келген 70 пәтер бар. Онда бүгін адамдар тұрады. Әлеуметтік аспектіні түсіне отырып және квазимемлекеттік орган ретіндегі біздің ұстанымымызды ескере отырып, олар бойынша жеке жұмыс жүргіземіз. Әр мекен-жай бойынша жұмыс жүргізілуде. Біз не ұсынамыз? Егер олардың өз пәтерін сатып алуға мүмкіндігі болмаса, тым болмаса бізбен коммуналдық шығындарды жабуға мүмкіндік беретін жалға алу шартын жасасын. Яғни, олар ауыртпалықтың бір бөлігін өзіне алды. Немесе біз олармен электрондық сауда шеңберінде осы пәтерлерді алу үшін әрбір нақты жағдай бойынша жұмыс істеуге дайынбыз", - деді компания басшысы.
Айта кетейік, Проблемалық кредиттер қоры бұрын БТА банк(2.6 трлн) пен "Цеснабанк"( 450 млрд теңге) активтерін сатып алған болатын.