
Алматы. 27 ақпан. 7kun.kz – Қазақстанда 2019 жылы алкоголь қымбаттайды. Бұл туралы кешегі Үкімет отырысында айтты.
"Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңының 3-1-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"2019 жылға арақтар мен ерекше арақтарға, күшті ликер-арақ өнімдеріне бөлшек сауда бағасы 1 923 теңге мөлшерінде белгіленсін. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі".
Еске сала кетейік, 2018 жылы бөлшек сауда бағасы 1 900 теңге мөлшерінде болды.