Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2019 жылы еліміздің бюджеттік кірісі төмендейді

2019 жылы еліміздің бюджеттік кірісі төмендейді

Алматы. 27 қараша. 7kun.kz — 2019 жылы мұнай бағасының баллеріне 60$-дан 55$-ға дейін төмендеуіне байланысты еліміздің бюджеттік кірісі 137,7 млрд теңгеге азаюы күтілуде. Бұл туралы  сенатор Ольга Перепечина пленарлық отырыс кезінде мәлімдеді.

"2019-2021 жылдарға арналған макроэкономикалық көрсеткіштерді нақтылауға байланысты үш жылдық бюджетке түсетін түсімдердің жоспарланған сомасы 70,3 млрд теңгеге, оның ішінде 2019 жылы - 22,4 млрд теңгеге азайды. Макроэкономикалық көрсеткіштерді нақтылау Ұлттық қорға түсетін түсімдер болжамының өзгеруіне әсер етті. 2019 жылы мұнай бағасының 60$-дан 55$-ға дейін төмендеуі болжанып отыр", - деді сенатор.

Перепечинаның айтуынша, үкіметтің үш жылдық кезеңге арналған ұсыныстарының барлығына 150,6 млрд теңге, оның ішінде 2019 жылы - 50,5 млрд теңге көлемінде қолдау көрсетілген. Әсіресе, сот жүйесі мен ішкі істер органдарының қызметін жаңғырту  үшін жалпы 123,8 млрд теңге, ал 2019 жылға – 13,1 млрд теңге бөлінген.

Сонымен қатар, сенаттың қаржы және бюджет комитеті 2019-2021 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы заң жобасын қабылдауды, сондай-ақ салыстырмалы кестені қарауды ұсынды. Сенаторлар Алматы, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарын газдандыруды 7,8 млрд теңге сомасында (оның ішінде, 2019 жылы -3,8 млрд теңге) қаржыландыру мәселесіне де назар аудару керектігін айтты. Сондай-ақ, Ақмола, Павлодар, Қостанай, Жамбыл және Түркістан облыстарының ауылдық елді мекендерін сумен жабдықтауға жалпы сомасы 5,9 млрд теңге, оның ішінде 2019 жылға - 3,7 млрд теңге бөлу,  Ұлттық ұланның авиациялық базасын 2019 жылы 1,3 млрд теңге сомасында салуды жалғастыру ұсынылды.

Алайда отырыс қорытындысы бойынша Сенат "2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын Мәжіліске қайтарды.

Похожие материалы