Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2019 жылы қоғамдық көліктер тегін болады

2019 жылы қоғамдық көліктер тегін болады

Алматы. 7 желтоқсан. 7kun.kz – Люксембург билігі кез келген қоғамдық көлікте жол жүру ақысын толығымен алып тастайды, деп хабарлайды РБК The Guardian сілтеме жасап. Мұндай шешімді осы уақытқа дейін әлемдегі бірде-бір ел қабылдамаған.

Автобустарда, трамвайларда және поездарда жол жүру ақысы келесі жылдың жаз мезгіленен бастап тегін болады. Билік осылайша экологиялық жағдайды жақсартып, астанадағы кептеліс санын азайтуға болады деп есептейді.

The Guardian хабарлауынша, герцогтікке жұмысқа келетін Франция, Германия және Бельгия тұрғындарының әсерінен мемлекет күн сайын  жол кептелісі проблемасына тап болады(шамамен 200 мың адам). Жалпы, герцогтікте 600 мыңнан астам адам тұрады, олардың 400 мыңға жуығы Астанаға жұмысқа келеді. Ал, Люксембургтің (астана) өзінде 110 мыңға жуық адам тұрады.

Айта кетейік, 2018 жылдың жазында Люксембург билігі балалар мен 20 жасқа дейінгі жасөспірімдерге тегін транспорт қызметін орнатты.

Похожие материалы