Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Алматы. 21 ақпан. 7kun.kz – Алматы облысында бүгінгі күні газдандыру деңгейі 26,2 пайыз. Яғни, 718,5 мың адам тұратын 123 елді мекен көгілдір отынның игілігін көріп отыр. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Амандық Баталовтың тұрғындармен болған есепті кездесуінде айтылды.
2017 жылы газдандыруға 11,4 млрд теңге бөлініп, 11 ауданда осы бағытта жұмыс жүріп жатыр. Ал 2020 жылға қарай Алматы агломерациясы аймағы мен Қапшағай қаласы көгілдір отынмен қолық қамтылғанда газдандыру деңгейі 45 пайызға жетеді.
Облыс басшысының айтуынша, Талдықорған қаласында қалаішілік жүйелердің бірінші кезектегі құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, табиғи газға 324 абонент қосылды. Қазір екінші және үшінші кезектегі құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.
Текелі қаласына дейін газ құбырын тарту мен «Бақанас», «Сарыөзек» және «Үштөбе» АГТС құрылыстары басталған.
Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі