Алматы. 24 желтоқсан. 7kun.kz — Алматы облысында 47 млрд теңгеге цемент зауытын салынып жатыр.
Алматы облысы Кербұлақ ауданы әкімдігінің хабарлауынша, жоба сингапурлық инвестормен бірлесіп Қызылжар ауылдық округінде жүзеге асырылады.
"Инвестиция - 47 млрд теңге. Зауыт құрылысына 2018 жылдың мамыр айында кірісіп, 2020 жылдың наурыз айында іске қосылады деп күтіліп отыр", – деді мемлекеттік құрылымда.
Айта кетейік, жоба 2019 жылдың желтоқсан айында іске қосылады деп жоспарланған.
Қазіргі таңда нысанның 97%-ы дайын. Атап айтқанда, 25 МВт қосалқы станциясы, ұсақтау кешендері, негізгі шикізат қоймалары (әктас, саз, темір рудасы, құмтас, гипс және шлак), гомогенизация және алдын ала қыздыру кешендері және т.б. салынды.
Бұл ретте, кәсіпорында жылына 1,2-1,5 млн тонна өнім шығару жоспарланып отыр. Өндірілетін өнімнің 80%-ы - ішкі нарықта, 20%-ы - Орталық Азия, Қытай, Моңғолия елдерінде сатылады.
"Жобаны іске асыру кезінде жоспарланған салықтық түсімдер жылына 2 млрд теңгеден астам қаржыны құрайды. Өндірісте жергілікті мамандар үшін 386 жұмыс орны құрылады, сондай-ақ 300-ден астам жұмыс орны зауыттың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге және дайын өнімді өткізуге тартылады", - деді әкімдікте.