Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2020 жылы Қазақстанда 5G желісі пайда болады

2020 жылы Қазақстанда 5G желісі пайда болады

2020 жылға таман Қазақстанда жаңа 5G үлгісіндегі желі пайда болуы мүмкін. Бұл туралы "Алатау" инновациялық технологиялар паркі (ИТП)" арнайы экономикалық аймағының (АЭА) автономды кластерлік қорының бас директоры Санжар Кеттебеков хабарлады.

"Алатау" ИТП-сінде трансұлттық компаниялардың жұмылдырылуымен екі бірегей жоба әзірленуде. Бірінші жоба шетелдік IMS компаниясымен бірлесіп қазақстандық компьютерлік техниканы шығарумен байланысты. Екінші жоба - бесінші буындағы (5G - 7kun.kz) байланыстың ұялы технологиялары", - деп мәлімдеді С.Кеттебеков дүйсенбі күні Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. С.Кеттебековтың айтуынша, Астана және Алматы қалаларында 5G желісіне арналған тестілік платформаларды орнату жоспарланып отыр. 2015 жылдың соңында немесе 2016 жылдың басында елде тестілік платформалар іске қосылады. Технологияны төрт жылдан соң пайдалануға беру жоспары бар. "Бұл стандартты емес нәрсе және ұзақ сынап-бағалауды талап етеді, Қазақстанда 5G желісін енгізу үшін тек темірді  (технология - 7kun.kz) ғана емес, сервисті сату қажет. Оператор бұл инфрақұрылымды қалай монетизациялауға болатынын түсінуі керек", - деп түйіндеді С.Кеттебеков.

Похожие материалы