Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарының алауын ұшатын көлік «жағады»

АЛМАТЫ. 16 мамыр. 7kun.kz - Toyota компаниясы 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарының алауын жағу үшін ұшатын автокөлік жасап шығады, деп хабарлайды жапониялық NHK телекомпаниясы.

Сегіз қанатты көлік 2019 жылы шығады. Оның жасалуына 42 миллион иена немесе 370 мың доллар жұмсалмақ. Айта кетейік, бұған дейін голландиялық PAL-V Liberty ұшқыш көлігі сатылымға шыққан болатын. 299-499 мың еуролық ұшқыш көлікті қазірдің өзінде тапсырыс беріп, сатып алуға болады. Ал Словакиялық AeroMobil  компаниясының AeroMobil Flying Car деп аталатын ұшқыш көлігі 2020 жылы сатылымға шығады. Ұшқыш көліктер туралы жаңалықтар мұнда.

Похожие материалы