Бақытжан Сағынтаев: 2022 жылға қарай 200 мың қазақстандық электрондық коммерция саласында еңбек етеді
Алматы. 18 маусым. 7kun.kz – Сандық жүйеге көшу қазақстандық компанияларды көлеңкеден шығаруға мүмкіндік береді, деп санайды республиканың премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев.
"Біз бүгін сандық жүйеге көшу жайында сөз етіп отырмыз, бұл экономиканы көлеңкеден шығару қажет деген сөз. Бізде түрлі есеппен 38 пайыздай (компаниялар – ИФ-Қ) көлеңкеде қалып отыр. Сандық жүйеге көшу кезінде көлеңкеде жұмыс жасайтын компаниялардың баршасын электрондық саудаға әкелу арқылы біз оларды нақты секторға шығаратын боламыз", - деді Б.Сағынтаев жұма күні Астанадағы парламент палаталарының бірлескен отырысында.
"2022 жылға қарай Қазақстанның сандық жүйесі аясында бізде электронды саудада 200 мың адам жұмыс жасайды деп санаймыз. Бұл біздің бес жылға арналған болжамымыз", - деді ол.
Премьер-министрдің сөзіне қарағанда, 2018 жылдың 5 айындағы көрсеткіш бойынша Қазақстанда бұл салада 40 мың адам жұмыс жасайды. Жақын уақытта бұл көрсеткішті 200 мың қызметкерге жеткізуді көздеп отыр. Бұл нақты ашық бизнеске барынша көп адамның тартылғанын білдіреді, расында да, мұның бәрі де бюджетті құрудағы теңгерімнің өзгеруіне әкеп соғады.