2022 жылғы Олимпиаданы өткізуге өтініш берген бюджет көлемі 550 млн долларға қысқарды
Алматы қаласының Олимпиада ойындарын өткізуге өтініш берген ұйымдастыру комитеті ұсыныстарына 8 өзгеріс енгізіп, 550 млн доллар үнемдемек деп хабарлайды Vesti.kz. Жалпы есеп бойынша 24 рет өткізілгелі тұрған Қысқа ойындардың иесі Алматы немесе Пекин болуы мүмкін.
ХОК-тың техникалық комиссиясы Алматыда болып қайтқаннан кейін Олимпиаданың өзіне ғана емес, Паралимпиада ойындарының өткізілуіне де байланысты өзгерістер енгізілген. Енді тау шаңғысы бойынша барлық спорт түрлері жоспарланғандай "Шымбұлақта" емес "Алматау" базасында, фристайл және сноуборд бойынша дисциплиналар Ақ-Бұлаққа ауыстырылмақ. Бұл "Шымбұлақ" пен "Ауыл Таудағы" қымбат жөндеу жұмыстарына кететін қаржыны үнемдеуге мүмкіндік береді. Следж-хоккейден паралмипиадалық ойындар Балуан Шолақ атындағы спорт Сарайында өтеді. Таулы олимпиадалық қалашықтағы орын саны да 1000 адамнан 350 адамға дейін қысқарытылды.
"Шымбұлақта" ешқандай сайыс өтпейтіндіктен прессаға арналған медиаорталық құрудың қажеттілігі де болмайды. Нәтижесінде Қысқы ойындарға арнап отырған операциялық бюджет 100 миллион долларға, ал үлкен көлемдегі инфрақұрылымға арналған қаржы 450 миллион долларға дейін азайды. Бірақ Олимипиаданың нақты бюджеті әлі еш жерде хабарланған жоқ.
Алматы -2022 өтініш беруші комитеттің мүшесі Андрей Крюковтың сөзінше, аталған өзгерісте Қазақстандағы Олимпиаданы барынша ыңғайлы өткізуге мүмкіндік береді, бұл бәсекелесі Пекиннің алдындағы үлкен артықшылықтардың бірі болмақ. Айта кетейік, 2022 жылғы Қысқы Олимпиаданың қай қалада өтетіндігі 31 шілдеде Куала-Лумпурде анықталады.