Астана. 13 қаңтар. 7kun.kz – Қазақстандықтардың шетелдегі жылжымайтын мүлікке сұранысы өткен жылы 2021 жылмен салыстырғанда 15%-ға өсті, деп хабарлайды 7kun.kz Prian.ru-ға сілтеме жасап.
Үздік үштіктер қатарында Түркия, Грузия және Испания.
Түркиядағы жылжымайтын мүлікке сұраныс Түркия Статистика институтының мәліметі бойынша, соңғы бір жылда үштен бірінен астамға өсті (11 ай ішінде +35%). 2022 жылдың 11 айында Қазақстан тұрғындары Түркиядан 2436 жылжымайтын мүлік сатып алған. Бұл соңғы бес жылдағы рекордтық көрсеткіш. Соңғы екі жылда ғана Түркияда қазақстандықтар сатып алған жылжымайтын мүлік саны шамамен 2,5 есеге өсті. Мәселен, Түркия жер кадастры бас басқармасының мәліметтері бойынша, 2020 жылдың 11 айында 1 026 сатып алу болса, 2022 жылдың сәйкес кезеңінде 2 436 сатып алу жасалған.
2022 жылдың қорытындысы бойынша екінші және үшінші орын алған Грузия мен Испанияның позициялары өзгеріссіз қалды. Ресейліктерге қарағанда Қазақстан азаматтары шетелдік жылжымайтын мүлікті сатып алу кезінде ешқандай шектеулерге тап болған жоқ.
Сондай-ақ 2022 жылғы алғашқы ондықтан Германия, Финляндия, АҚШ, Біріккен Араб Әмірліктері шығып, олардың орындарын Мысыр, Кипр, Албания және Грекия мемлекеттері иеленді.