Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2022 жылы қазақстандықтар қандай маркалы көліктерді жиі сатып алды

2022 жылы қазақстандықтар қандай маркалы көліктерді жиі сатып алды

Алматы. 28 желтоқсан. 7kun.kz – Қазақстанда жыл басынан бері 97,7 мың жаңа көлік сатылды, деп хабарлайды 7kun.kz Energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Елдегі жаңа автокөлік сатылымында брендтер ішінде Chevrolet және Hyundai көшбасшы, олар республиканың автокөлік нарығының жартысынан сәл астамын құрайды.

«2022 жылдың қаңтар-қазан айларында 27,6 мың жаңа Chevrolet, 22,4 мың Hyundai көлігі сатылды. Былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда Chevrolet сатылымы 10,7%, Hyundai сатылымы 15,4% өсті», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ  быиылғы қазанда әлем бойынша жаңа жеңіл автокөлік пен жеңіл коммерциялық көлік сатылымы былтырғы қазан айымен салыстырғанда 10% өсіп, 7,1 млн дананы құрады. Ал Қазақстанда 2022 жылғы қазан айында дилерлер 10,7 мың жаңа көлік сатқан, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,9% артық.

Брендтер мен маркалар бойынша қазанда Қазақстан нарығында сатылған жаңа жеңіл автокөлік пен жеңіл коммерциялық көліктердің үздік 10 моделі сатылымның 58%-ға жуығын құрады. Үздік ондыққа үш Hyundai моделі (Tucson, Accent және Elantra), үш Kia моделі (Ceed, Sportage және K5), екі Chevrolet моделі (Cobalt және Nexia), сондай-ақ Toyota LC Prado және Chery Tiggo 7 PRO кірді.

Похожие материалы