Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2023 жылға қарай ақылы жолдардан түсетін табыс 45 млрд теңге болады

2023 жылға қарай ақылы жолдардан түсетін табыс 45 млрд теңге болады

Астана. 23 қазан. 7kun.kz - 2023 жылға қарай  ақылы жолдардан түсетін табыс жыл сайын 45 млрд теңгені құрайтын болады деп көздеп отырмыз деп хабарлады инвестициялар және даму жөніндегі министр Жеңіс Қасымбек.

"2020 жылға қарай республикалық маңызы бар жолдардың 6,5 мың шақырымын ақылы ету жоспарда бар. 2020 жылы ақылы жолдардан түсетін төлем мөлшері 30 млрд теңге болады. 2022 жылдың аяғы - 2023 жылдың басында түсім 45 млрд теңгеге артады. Бұл республикалық маңыздағы жолдардың (23,5 мың шақырым), бюджеттің қаражатынсыз, нормативтік талаптарға сай болуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - дейді министр.

Сонымен қатар, министр 2017 жалпы ұзақтығы 2,5 мың шақырым болатын Қандыағаш-Махат, Жетібай-Жаңаөзен, Құрты-Бурылбайтал, Талдықорған-Өскемен, Меркі-Буралбайтал, Қалбатау-Майқапшағай, Үшарал-Достық, Бейнеу-Ақжігіт, Таскескен-Бақты, Осиновский асуы, Щучинск-Зеренді сияқты жаңа жобаларды іске асыруға кіріскендігін айтады.

Министрліктің мәліметінше, қазіргі уақытта Қазақстанның  1,2 мың шақырым автокөлік жолдарында құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.

 

Похожие материалы