Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2023 жылы теміржолшылардың жалақысы өседі – министр

2023 жылы теміржолшылардың жалақысы өседі – министр

Алматы. 20 желтоқсан. 7kun.kz – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев «Қазақстан темір жолы» АҚ теміржолшыларының жалақысын өсіруге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды 7kun.kz.

Министр бүгінде министрлік ұлттық компаниямен бірлесіп мәселені қарастырып жатқанын атап өтті..

«Қазақстан бойынша теміржолшылар арасында мәселе туындап отыр. Басшылардың келесі жылы жалақыны өсіретін ойы бар. Бірақ оның сомасы қазіргі тарифке байланысты. Бір жағынан тарифке түзету белгіленіп жатыр. Тарифті бекітсек, жалақының өсуі соған байланысты. Алайда жалақы келесі жылы міндетті түрде өседі», - деді министр Үкіметтің баспасөз орталығында.

Сондай-ақ министр ҚТЖ-ның жаңа идеологиямен жұмыс жүргізу керектігі ұсынылып отырғанын айтты.

Похожие материалы