Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2024 жылдан бастап жұмыс берушілер міндетті зейнетақы жарналарын аударады – министр

2024 жылдан бастап жұмыс берушілер міндетті зейнетақы жарналарын аударады – министр

Астана. 12 қаңтар. 7kun.kz – Келесі жылдан бастап жұмыс берушілерден міндетті жарналар түсе бастайды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.

«2024 жылдан бастап жас салымшыларды зейнетақымен қамсыздандырудың шартты-жинақтаушы жүйесін қалыптастыру үшін жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары енгізілетін болады», – деді министр.

Ол Қазақстанда жүйеге қатысу өтіліне байланысты зейнетақы және сақтандыру төлемдерін кезең-кезеңмен арттыру жалғасатынын атап өтті.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл қабылданған зейнетақы жүйесіне енгізілген өзгерістер азаматтарға бұрынғы табыстарының кемінде 40% мөлшерінде зейнетақымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Өсім, ең алдымен, базалық зейнетақының ең төменгі мөлшерін алатын зейнеткерлерден басталады. Ағымдағы жылы зейнеткерлердің осы санаты үшін тек базалық зейнетақы мөлшері 21% - ға дейін көтерілді. Кезең - кезеңмен өсу 5 жыл ішінде, яғни 2023 жылдан 2027 жылға дейін жүргізілетін болады, бұл өткен жылғы инфляцияны және оның алдағы жылдарға арналған болжамды дәлізін жабуға мүмкіндік береді», – деді Дүйсенова.

Министр дәл осындай жұмыс әлеуметтік сақтандыру жүйесінде де жүргізілетінін атап өтті. Биыл жұмыссыз қалғаны үшін төленетін әлеуметтік төлемдер бұрынғы табыстың 45%-ына дейін ұлғайтылады.

Похожие материалы