Алматы. 28 наурыз. 7kun.kz -Қазақстанда 2025 жылға дейін 30-ға жуық электр станциясы қайта қалпына келтіріледі. Бұл туралы 7kun.kz сауалына Энергетика министрлігінен жауап берді.
Қайта қалпына келтіру жұмыстары аяқталған соң станциялар өндіретін жалпы қуат - 3653 МВт-ты құрауы тиіс.
Мұның аясында Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында электр станцияларын пайдалануға тапсыру жоспарланып отыр.
Станциялардың көпшілігі жеке компанияларға тиесілі, сондықтан инвқаржылдандыру меншік иелері тарапынан жасалады.
Министрліктің хабарлауынша қайта қалпына келтіру жобасына Оңтүстік Корея, Қытай, Англия, Ресей, Норвегия, Чехия, Сербия, Жапония, Германия және АҚШ компаниялары қызығушылық танытуда.
Айта кетейік, Энергетикалық инфрақұрылымды дамыту "Нұрлы жол"инфрақұрылымды дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттарының бірі. Оның аясыда елді энергиямен қамтамасыз етудің бірыңғай жүйесін нығайту, жүйе құраушы ұлттық электр желілерін дамыту негізгі мақсат.