Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2025 жылға дейін 4 мың шақырым автожол ақылы болады

2025 жылға дейін 4 мың шақырым автожол ақылы болады

Нұр-Сұлтан. 17 мамыр. 7kun.kz – Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев ақылы етуді жоспарлаған автомобиль жолдары қалай жөнделіп жатқанын айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.

Министрдің айтуынша, ұзындығы 2,5 мың шақырым II санаттағы автожол жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін ақылы болмақ. Қазір ол жол учаскелерінде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

Жөнделіп жатқан жолдар тізімінде мынадай учаскелер бар:

Қызылорда-Арал

Ақтөбе-Орал

Ақтөбе-Орынбор

Қайнар-Бішкек

Жетібай-Шетпе-Бейнеу-Ақжігіт

Павлодар-Семей

Нұр-Сұлтан қаласының солтүстік айналма жолы

Орал-Саратов

Көкшетау-Петропавл

Нұр-Сұлтан-Атбасар

Павлодар-Омбы Семей-Қалбатау

Тұтастай алғанда, 2025 жылдың соңына дейін "Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері" ұлттық жобасы шеңберінде ұзындығы 4 мың шақырым I және II санаттағы автожолдарды жөндеу жұмыстарының аяқталуына қарай ақылы негізге көшіру жоспарда бар. 

Похожие материалы