Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2025 жылға қарай Қазақстанда газ тапшылығы болуы мүмкін – Энергетика министрлігі

2025 жылға қарай Қазақстанда газ тапшылығы болуы мүмкін – Энергетика министрлігі

Алматы. 6 маусым. 7kun.kz – Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың айтуынша, газ қоры бойынша Қазақстан әлемде 22-орында, ал ТМД елдері арасында Ресей мен Түркіменстаннан кейін үшінші орында тұр, деп хабарлайды 7kun.kz.

«Ел ішінде газ тұтыну көрсеткіші тұрақты өсуде – 2017 жылдан бастап 2021 жылға дейін тұтыну 4,8 млрд текше метрге 13,8-ден 18,6 млрд текше метрге дейін өсті. Газ тұтыну өсімі жыл сайын шамамен 35% немесе орта есеппен 7% құрады», – деді ол.

Сонымен қатар, газ саласын дамытудағы басты шектеу – бағаны ұстау саясаты. Осыған байланысты 2025 жылға қарай отандық газ тапшылығы және импорттық ресурстарға тәуелділік туындауы мүмкін.

«Перспективада Қашаған, Қарашығанақ, ТШО тауарлық газдың негізгі өндірушілері болып қала береді. Бұл тауарлық газ ресурстарының жалпы көлемінің 64%-ын құрайды», – деп түйіндеді ол.

Похожие материалы