Астана. 27 желтоқсан. 7kun.kz – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова 2028 жылға қарай елдегі зейнеткерлер саны қаншаға өсетінін айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Елімізде жыл сайын 120 мыңға жуық адам зейнеткерлікке шығады, оның 50 пайызы әйелдер. Енді шамамен 150-160 мың адам зейнетке шығады. Бүгінде 2,2 миллион зейнеткер бар. 2028 жылдан бастап 2,5-2,6 миллион адам болады деген болжам бар», – деді министр.