Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2030 жылға қарай Қазақстанда сағатына 130 млрд киловатт электроэнергия тұтынады

2030 жылға қарай Қазақстанда сағатына 130 млрд киловатт электроэнергия тұтынады

2030 жылы ҚР-да сағатына 130 млрд киловатт электроэнергия тұтынатын болады. Бұл туралы энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев мәлімдеді.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, Қазақстандағы электроэнергияны тұтыну көлемі экономика дамуымен байланысты болады.

"Елдегі ауыр өндірістің бәсекеге қабілеттілігі мен халықтың өмір сүру сапасы көбінде сапалы және тұрақты электрмен қамтамасыз етуге байланысты. Қазақстандағы электроэнергия тұтыну болжамынша, экономиканың қарқынды түрде өсуіне байланысты электроэнергияны тұтыну көлемі сақталады", - деп атап өтті ол KEGOC жиналысында.

"Қазақстандағы ЖІӨ-дегі энергия жұмсалуды төмендету көрсеткіштерін орындағанымызды есептегенде, 2030 жылға қарай бір жылда сағатына 130 млрд киловатт электрэнергия тұтынылады", - деді Жақсалиев.

Айта кетейік, қазіргі уақытта ел үкіметі ҚР-ның "Электроэнергетика туралы" Заңына өзгеріс енгізуді дайындап жатыр.

 

Похожие материалы