Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

23 отандық өндіруші "СК Фармация"-мен келісімшарт жасасты

23 отандық өндіруші "СК Фармация"-мен келісімшарт жасасты

Алматы. 3 тамыз. 7kun.kz - 523 дәрі атауы мен 389 медициналық бұйым атауы үшін 2 тамыз күні "СК Фармация" Бірыңғай дистрибьюторы мен 23 отандық өндіруші арасында келісімшарт жасалды.

Енді кепілдендірілген онжылдық өндірілген өнімді өткізу нарығы арқасында, фармөндірушілер инвестиция тарта алады. Бес жылдың ішінде GMP өндірістік тәжірибесіне тиісті стандарттарға сәйкес жаңа дәрі шығара немесе шығарылған өнімді жаңғырта алады. 5 жылдан кейін өндірушілер отандық сапалы дайын өнімді Бірыңғай дистрибьютор арқылы қазақстандық аурухаларға жеткізуі тиіс.
Ұзақ уақыттық келісімшарт жасасуға компаниялар ашық байқаудың нәтижесімен іріктелген (2017 жылдың 11 сәуірінде Бірыңғай дистрибьютор ұйымдастырды).
Байқауға 772 дәрі атауы мен 1367 медициналық бұйым атауы жарияланды.
"Тұтынушы үшін шетелдік дәрі-дәрмектерді алу қымбатқа түседі. Оның үстіне, өнімді импорттау белгілі бір уақытты алады. Сондықтан да, отандық өндірісті дамыта отырып, біз отандық дәрі-дәрмекке халықтың тиімді қолжетімділігім қамтамасыз етеміз", - деді біырңғай дистрибьютор басқармасының төрағасы М. Касаткин.
Қазіргі уақытта 30 ұзақ уақыттық келісім іске қосылған. Ол бойынша, 553 дәрі атауы мен 213 медициналық өнім жеткізілуі тиіс. Олардың ішінде 137 дәрі  мен 152 өнім отандық ауруханаларға жеткізіліп жатыр.
Мұндай кепілдендірілген ұзақ уақыттық өткізу нарығы фармацевтика саласына мемлекеттік ірі инвесторлар мен шетелдік фармөндірушілерін тартуға ықпал етті.

Похожие материалы