Нұр-Сұлтан. 19 мамыр. 7kun.kz - 1996 жылдан бері есептегенде Қазақстанға тартылған инвестициялардың 70%-дан астамы мұнай-газ секторына бағытталды, деп хабарлайды 7kun.kz.
ЭГТРМ Геология комитетінің төрағасы Талғат Сатиевтің айтуынша, елдің минералдық-шикізат кешені тәуелсіздік жылдарында әлемдік нарық талаптарына толық бейімделді. Бұл туралы ол Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде мәлімдеді.
Оның айтуынша, 4000-нан астам кен орны жер қойнауын пайдалануға берілген және қазіргі уақытта мемлекетке табыс әкелуде. Оған қоса, халықты жұмыспен қамтып отыр.
"Бұл факт елге инвестициялардың келуіне себепші болды. 1996 жылдан бастап Қазақстанға тартылған 73 трлн теңгенің 70%-дан астамы мұнай-газ секторына бағытталды, бұл 52,2 трлн теңгені құрайды. Тау-кен секторына 27%, бұл 19,5 трлн теңгені құрайды. Ең көп инвестициялар мұнай, полиметалдар, мыс, алтын, темір, уран, көмір сияқты пайдалы қазбалардың басым түрлеріне бағытталған ", – деп атап өтті Сатиев.