
2016 жылдың 26 мамырында Алматы қаласы Әуезов ауданының № 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 10-А, 11 және 12 ықшам ауданында сағат 8:00-ден 21:00-ге дейін суық су болмайды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Суық су D=600 мм, D=500 мм және D=400 мм магистралдық құбырларын қалалық су құбырына қосу мақсатында өшіріледі.
Ал аталған аудандарда орналасқан денсаулық сақтау және білім беру орындарына ауыз суы су тасушы көліктер арқылы жеткізіледі.