Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

26 қаңтардан бастап Қазақстанда үш жол ақылы болады

26 қаңтардан бастап Қазақстанда үш жол ақылы болады

Алматы. 24қаңтар. 7kun.kz – «Астана - Теміртау» (134 км), «Алматы - Қапшағай» (42 км), «Алматы-Хоргос» (295 км) автожолдарына 2019 жылы 26 қаңтар күні төлемақы алу жүйесі іске қосылатын болады, - деп хабарлайды «Қазавтожол» АҚ баспасөз қызметі. 

Жеңіл көлік үшін жүретін жолдың төлемақы мөлшері: Астана-Теміртау алдын-ала төлеу – 200 тг., қолма-қол – 400 тг. Алматы-Қапшағай алдын-ала төлеу – 100 тг., қолма-қол – 200 тг. Алматы-Хоргос алдын-ала төлеу – 300 тг., қолма-қол – 600 тг құрайды.

Ақылы учаске бойынша төлемақы беру ақылы учаскеден шыққан кезде төлемақы алатын бекеттерде жүргізіледі немесе PayWay.kz сервисі, KazDriver мобильді қосымшасы, Kaspi.kz интернет бөлімі, Сбербанк интернет-банкингі, АТФ Банк интернет-банкингі, Halyk Bank интернет-банкингі, Евразийский банк интернет-банкингі, Capital Bank интернет-банкингі, Мобильді телефонның тікелей балансына (Kcell,Activ, Beeline, SMS, USSD,mobile App, Web- қосымшасы ), Дербес шотқа (шарт жасау жолымен заңды тұлғаға алдын ала төлемақы аудару), QIWI терминалы, Касса24, Киберплат, Tenge, Wooppay,Salempay, Май құю картасы E100.

Білу қажет, жеңіл көлік үшін алдын ала төлемақы беру төлемақы алу бекеттеріндегі бағадан 2 есеге арзан болады.

Ақылы автожол учаскелерін қамтитын аудан тұрғындары үшін абонементтің құны мың теңгені құрайды, ол жыл бойы жарамды болып саналады. Оны тек елді мекендер трассаларын қамтитын тіркелген автомобиль иелері ғана ала алады. Егер де азамат ТАЖ кентін қамтитын мекенде тұратын болса, бірақ машина басқа жерде есепте тіркелген болса, ақы төлеу жалпы негізде жүргізіледі. Абонементтерді рәсімдеу ақы төлеу бекеттерінде жүзеге асырылады.  

Еске сала кететін жайт, 2018 жылғы қыркүйектен бастап «Астана-Теміртау», «Алматы – Қапшағай» автожол учаскелерінде ақы алу жүйесі сынамалық режимде жұмыс істеп келеді.

Похожие материалы