Экономика
Ү.Шаяхметова: Теңгеге сенім білдіру - біздің міндетіміз
Халық банк басшысы Үміт Шаяхметова ұлттық валютаға деген сенім қайта күшейеді деп есептейді. Бұл туралы ол банктің жылдық есеп беру кезіндегі баспасөз конференциясында мәлімдеді.
"Теңгеге деген сенім қайта қалпына келіп жатыр. Мысалы, біздің кейбір клиенттер қолдарындағы бар долларды сатып, теңгеге ауыстыруда. Тенденция енді қалыптасып жатыр" - деді ол.
Халық банк басшысы ҚР Президентінің Ұлттық банк төрағасына теңгеге деген сенімді қайтару туралы берген тапсырмасы орынды деп есептейді.
"Біздің басты міндетіміз-теңгеге сенім білдіру. Бізде валютаға сенімнің жоғалуы тікелей девальвациямен байланысты. Девальвация болмайды деп айтқанмен, 2 аптадан соң ол басталды. Осыдан кейін сенім болмауы мүмкін ғой. Ұлттық валютаға деген сенім болады. Бірақ ол үшін біраз уақыт керек", - деді Халық банк басшысы.
Ал Қазақстанның 2016-2018 жылдарға арналған бюджетінің долларға қатысты
300 теңге деп белгіленуін ол қалыпты деп есептейді.
"Бюджетке қатысты түсініктеме беру қиындау. Себебі, қаржының төлем қабілеттілігін нақты байқай алмай отырмыз. Оның үстіне теңге курсы төмендеп, шегіне жетті. Сондықтан бюджеттің қазіргі 300 теңге деген деңгейде белгіленуі қалыпты деп санаймын", - деді ол.