Экономика
800 мың долларлық шырша Токиода сатылымға шықты
Токкиода ең қымбат жаңа жылдық шыршаны сатылымға шығарды. Бағасы 100 миллион йен, доллармен шамамен 800 мың. Бұл туралы tengrinews.kz хабарлайды.
Жаңа жылдық бұл шырша платина және гауһар тастарымен безендірілген. Зергерлік бұйымдардың салмағы 9 келіден кем емес. Шыршаның биіктігі 2,5 метр. Платинадан Уолт Дисней мультфиліміндегі "Күлше-қыз" бейнесі жасалған. Ал оның аяқ киімі үлкен көлемде жасалып, гауһар тастарымен безендірілген. Бұл шырша "Ginza Tanaka" дүкенінде сатылымда және олар платинадан жасалған шыршыға тапсырыстар қабылдауда. Алайда олар әзірге қанша адам тапсырыс бергенін құпия ұстап отыр.
Фото: rexfeatures.com