Экономика
Б.Байбек: "Универсиада-2017" дайындығына кәсіпкерлер белсенді қатысуы тиіс
Кәсіпкерлер 2017 жылы өтетін бүкіләлемдік қысқы студенттер ойынының дайындық жұмыстарына белсенді қатысу тиіс. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек мәлімдеді деп хабарлайды 24.kz.
Алматыда отандық тауар өндірушілердің қатысуымен өткен форумда қала басшысы әлемдік қиын қыстау кезеңге орай мемлекеттік қаржыландырудың оңтайландырылғанын жеткізді. Универсиаданың жалпы бюджеті 32 млрд теңгеден 17 млрд теңгеге дейін азайған. Сол себепті шығындардың негізгі бөлігін отандық өндірушілердің мойынына жүктеу көзделіп отыр.
Қазіргі таңда олардың 53%-ы дайындыққа өз үлесін қосуда. Сондай-ақ, форумға қатысушылар жиын аясында бекітілген меморандуға орай жергілікті инвесторлардың қатары артатынына сенім білдірді.
"Шетелдік инвесторларды тартып, Алматыға келетін туристердің қатарын арттыру үшін бізге осындай жарыстар, жиындар өте қажет. Жиналған қаражат шығын емес, ол –болашаққа салынған инвестиция", - деді Бауыржан Байбек.
Фото: 24.kz