Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ЕАЭО елдерінде инфляция көлемі 14,2%-ды құрады

ЕАЭО елдерінде инфляция көлемі 14,2%-ды құрады

2015 жылы Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде тауарлар мен қызмет көрсету құны 14,2%-ға қымбаттады. Бұл туралы LS хабарлайды. 

2015 жылы тауарлар мен қызмет көрсету құны Ресейде 15,6%-ға, Белорусияда 11,5%-ға, Қырғызстанда 4,9%-ға қымбаттады. Ал Арменияда баға 1,9%-ды құрады.

Қазақстанда инвляция көлемі 9,4% болды.

ЕАЭО елдерінде азық-түлік және азық-түлік емес тауарлардың құны 15%-ға, ақылы қызметтер - 12%-ға өсті.

Еске салайық, өткен аптада Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев Қазақстандағы инфляция дәлізі 6-8%-дан 8-10%-ға артқанын мәлімдеген еді.

Осыған байланысты инфляция көлемі болжам бойынша, 2016-2018 жылдары 6-8%-ды құрап, 2020 жылы 3-4%-ға түседі деп күтілуде.

Фото: kapital.kz

Похожие материалы