Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мұнай өңдеу зауыттарын іске қосу уақыты созылуы мүмкін

Мұнай өңдеу зауыттарын іске қосу уақыты созылуы мүмкін

Күрделі жөндеуден өткізіліп жатқан екі мұнай өңдеу зауытын іске қосу мерзімі созылуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Энергетика министрі Владимир Школьник мәлімдеді.

"Үш зауыт жөндеуден өткізіліп жатыр. Біздегі ақпаратқа сүйенсек, Атырау МӨЗ-да мәселе жоқ. 2016 жылдың желтоқсанында жөндеу жұмыстары аяқталып, іске қосу жұмыстары жүргізіледі. Павлодардағы мұнай-химия зауытының шығынын азайттық. Бірақ осы зауыттың екінші кезеңін қаржыландыру бойынша (400 млн теңге) мәселелер бар. Бұл әлі шешіле қойған жоқ", - деді В. Школьник Үкімет отырысында. "Сондай-ақ, Шымкент зауытын мемлекеттік кепілдік немесе біздегі Қазақстан даму банкі сияқты коммерциялық банк арқылы қаржыландыруды халықаралық ведомства комитетінде талқыладық. Егер осы екі зауытқа қатысты қаржы мәселесі уақытында шешілмесе, құрылыс жұмыстары созылады", - деді ол. Өз кезегінде "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының басшысы Сауат Мыңбаев Шымкент МӨЗ-ін қаржыландыру мәселесі Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Қытайға барып келгеннен кейін шешілуі қажет екенін жеткізді. "ҚазМұнайГаз" АҚ-ның мәліметі бойынша, Атырау МӨЗ-ін модернизациялау  - 3,1 млрд долларды, Шымкент МӨЗ-і - 1,8 млрд долларды және Павлодар мұнай химия зауыты - 700 млн долларды құрайды. Жалпы мұнай өңдеу зауыттарын модернизациялау үшін 5,65 млрд доллар қаржы жұмсау жоспарлануда. Фото: timer-odessa.net

Похожие материалы