Қазақстандық өнімдер Мәскеу қаласында үлкен сұрансқа ие. Ресей астанасында отандық азық-түлікті сататын арнайы алты дүкен желісі жұмыс істейді, деп хабарлайды LS.
Мәскеу қалалық сауда департаментінің жетекшісі Алексей Немерюктың сөзінше, тұрғындардың ең көп сұранысы Ресейде жай пісіп жетілетін жемістер мен көкеністерге артқан. "Көптеген федералды сауда желілері Қазақстан өнімдерін таңдап, олараға арнайы орын бөлген. Мәскеу қаласында қазақтандық азық-түліктерді сататын алты дүкен орналасқан. Сондай-ақ, жүйелі түрде жәрмеңке өткізіп тұрамыз. Қазақстандықтар біздің шақыртуымыздыы қабыл алып, үнемі келіп тұрады , - деді А. Немерюк.
Оның мәлімдеуінше, Қазақстанның Мәскеу қаласына азық-түлік тасымалы 20 пайызды құрайды. Бұдан Ресейге отандық азық-түліктің барлық түрі жеткізілді деуге болады.
Фото: biznes-prost.ru