Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Еуразиялық экономикалық комиссия онлайн-дүкендерден тауар сатып алу үшін баж салығын енгізбек

Еуразиялық экономикалық комиссия онлайн-дүкендерден тауар сатып алу үшін баж салығын енгізбек

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) онлайн-дүкендерден тауар сатып алуға баж салығын енгізбекші. Бұл туралы Орталық Азияның жаңалықтар қызметі хабарлайды.

Еуразиялық экономикалық комиссияның жұмыс тобы интернет арқылы сатып алушыларға баж салығын төлейтін екі жоба әзірледі. Біріншісі 22 еуродан арзан және 1 кг-дан төмен болатын заттарды кеден төлемінен алып тастау көзделсе, 22- 150 еуро болатын әрі 10 келіге дейінгі тауарға 15 еуро, 10 кг-дан жоғары тауарға әр келіге 4 еуро төлеу қарастырылған.

Екінші жоба бойынша, 150 еуродан төмен тұратын тауарға 10 еуро, ал бұдан жоғары көрсеткіштегі тауарларға кеден бағасының 30 пайызын төлеу қарастырылған. Жұмыс тобы қай жобаны қабылдайтындықтары жөнінде әлі бір шешімге келген жоқ. Егер интернет арқылы сатып алушыларға баж салығы қарастырылса, бұл Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін барлық елдерге қатысты болмақ. Фото: sozdanie-saitov.kz

Похожие материалы