24 қарашада Мəжілісте 2015-2017 жылдардың республикалық бюджетінің нақтыланған жобасы мақұлданды. Бұл туралы 24 kz хабарлайды.
Сонымен жоспар бойынша, биыл республикалық бюджет шығыстары 66,5 млрд теңгеге үнемделеді. Ал кіріс көлемі 3 трлн 174 млрд теңге болады деп күтілуде. Бұл бастапқы жоспардан шамамен 46 млрд теңгеге төмен болған.
Осылайша, 2015 жылдың бюджет тапшылығы 1 трлн 257 млрд теңгеден асады. Қазынаның кіріс-шығысы әлемдегі экономикалық ахуалдарға қарай өзгеруде. Атап айтсақ, дүниежүзілік тауар нарығында мұнай бағасының қолайсыз серпіні және геосаяси ахуал Үкімет жоспарын толық өзгерткен.
Сондай-ақ, жалпы ішкі өнім осы жылы 1,2% денгейінде бағаланып отыр. Бұл бұрынғы көрсеткіштен 0,3%-ға төмен. Алайда Үкімет мүшелерінің сөзінше, аталған үнемдеулер әлеуметтік міндеттерді орындауға кедергі болмайды.