Экономика
2016 жылы мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы 28 пайызға көтеріледі
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы 28 пайызға дейін артатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысын төлеу жүйесінің жаңа моделі енгізіледі. Яғни, мемлекеттік органдар мен қазыналық кәсіпорындардың және денсаулық сақтау сферасындағы жұмысшылардың жалақылары 28 пайызға дейін көтеріледі",- деді Т.Дүйсенова.
Сонымен қатар, министр әскери дәрігерлердің жағдайын түсіндірді.
"Егер әскери дәрігерлер (аттестат алған) мемлекеттік қызметкерлерге жатпаса, онда олардың жалақылары көтерілмейді. Аттестаты бар қызметкерлер жалақыларының өсу мәселесі бойынша тиісті органдарға хабарласуы тиіс",-деді ол.