Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2015-2016 жылы Қазақстанның ЖІӨ көлемі төмен болуы мүмкін

2015-2016 жылы Қазақстанның ЖІӨ көлемі төмен болуы мүмкін

Халықаралық валюта қорының болжамы бойынша,  Қазақстандағы жалпы ішкі өнімнің деңгейі 2015 жылы 1,2%, 2016 жылы 2,2% болуы мүмкін. Бұл туралы Ұлттық банк хабарламасында жазылды.

«ЖІӨ өсуінің қарқыны елдің экономикалық әлеуетінен айтарлықтай төмен болады және сыртқы тәуекелдерді сақтай отырып биыл 1,2 пайызды және 2016 жылы 2,2 пайызды құрайды деп күтеміз», - делінген банк хабарламасында. ХВҚ қазан айында Қазақстанның ЖІӨ 2015-2016 жылдары 1,5% - 2,2% деңгейінде болады деп болжаған болатын. ХВҚ экономикалық өсудің баяулауы және теңге бағамының жақында құлдырауы салдарынан қаржы секторының осалдығы банктік қадағалау практикасын нығайтуды талап етеді, деп есептейді. «Белгіленген айырбастау бағамының бұрын қолданылған режимі үнемі болып отыратын сыртқы күйзелістердің алдында тұрақсыз болғандықтан, ақша-кредит саясатының негіздерін жаңғырту қажет», - делінген Ұлттық банк хабарламасында. Сондай-ақ, банк хабарламасына сәйкес, мемлекеттік басқару секторының бюджет тапшылығы мен мұнай кірістерін қоспағанда (ХВҚ ұйғарымына сәйкес) 2015 жылы ЖІӨ көлемі 11%-ды (2014 жылы 9,3%) құрайды деп болжануда. Мұнай кірістері ескерілмеген жағдайда  2020 жылы шамамен ЖІӨ 8 пайызға төмендеуі мүмкін. Фото: ru.sputnik.md

Похожие материалы