Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Қара жұма": Жеңілдіктер науқанына асығыңыздар!

"Қара жұма": Жеңілдіктер науқанына асығыңыздар!

"Қара жұма" немесе кибержұма АҚШ-тың Қайырымдылық күнінен кейін  болатын - жеңілдіктер күні. Жыл сайынғы жаңа жылдық жеңілдіктер дәл осы күннен басталады. Енді біздің нарыққа да жетіп үлгерді. Дәл осы күндері сіздің де негізгі бағытыңыз сауда орталықтары болуы қажет.

"Қара жұма" ресми мереке ретінде тойланбайды. Әлем елдерінде 23-29 қарашаға сәйкес келеді. Бірақ осы күні тек бөлшек сауда қызметкерлері жұмысқа шығады, ал өзге жұрт демалыс алып, дүкендерге ағылады. Сауда желілері таңғы сағат бестен бастап жұмыс істейді. Кейбір ірі сауда орындары түн ішінде ашық болады. Дүкендер алғашқы сатып алушыларға 50-80 % көлемінде жеңілдіктер ұсынады. Бұл сатып алушылардың барынша көп болуына мүмкіндік береді. Жеңілдіктер жұмасының "қара" деп аталуының бірнеше себебі бар. Біріншіден, атау бухгалтер кітапшасындағы қара сияға байланысты туындаған. Себебі АҚШ-тың есепші кітапшаларында шығындар - қызыл сиямен, кірістер - қара сиямен белгіленген екен. Екіншіден дәл осы күні сауда орындарындағы жеңілдіктерге байланысты халықтың қарасы көбейеді. Осындай жеңілдік жасалған күні көптеген дүкендерде кептелістен адамдар жарақаттанып тіпті төбелестер орын алады. Қазақстандағы "қара жұма" Қазақстандағы кибержұма "қара жұма"  секілді жылына бір рет өткізілетін жеңілдіктер күні. Аталған күн биылғы жылы 27 қарашаға тұспа тұс келді. Осы күні өз қаржыңызды үнемдеуге мүмкіндік туады. Жеңілдіктер 27 қазаннан 28 қарашаға қараған түні басталады. Арзан бағамен киім, аяқ киім, түрлі техникалар, жиһаздар, ойыншықтар, аксессуарлар, кітаптар сатып алуға болады. Алматыдағы ірі сауда орталықтарын, тұрмыстық техника дүкендерін дәл осы күні аралауға кеңес береміз. Қазақстанда кибержұмаға дәстүрлі түрде онлайн-дүкендер қатысады. Бұл дүкеннің танымалдығының, оның сөрелеріндегі тауарлардың сапасының жақсы екенінің көрсеткіші. Алдағы уақытта жаңа жыл мерекесінде бәріміз сыйлық алып ата-аналарымызға, достарымызға, жақындарымызға, көршілерімізге сыйлағымыз келеді. Ал бұл күні жеңілдікпен қалаған сыйлығыңызды сатып алып, мерекеге алдын ала қамдаласыз. Оның үстіне, Жаңа жыл қарсаңындағы әдеттегі қымбатшылық болатынын ескерсек, осындай жеңілдіктер күнінде ақшаңызды үнемдей аласыз. Кибержұмаға қатысу туралы кеңестер:
  • Кибержұмаға қатысу үшін kiberzhyma.kz сайтына тіркелесіз. 28 қараша күні жеңілдіктер түні басталған кезде қосымша тіркелусіз-ақ сауда жасай бересіз.
  • Атаулы күн 28 қараша күні 0:00-де басталып, 24 сағатқа жалғасады.
  • Сайтта онлайн сауда жасалады. Оған онлайн-дүкендердің тауарлары қатысады. Кибержұмаға онлайн-сөрелері жоқ бөлшек сауда желілері қатыспайды. Бірақ барлығының дерлік онлайн нұсқалары бар.
  • Жеңілдіктер күнінде барлық онлайн тауарларды  табуға болады. Каталогта сізге қажеттің бәрі бар.
  • Қолма-қол тауар туралы kiberzhyma.kz сайтындағы онлайн сауда дүкендерінің парақшасына кіру арқылы білуге болады.
  • Ал төлем жүйесіне келер болсақ, жеңілдіктер онлайн арқылы болатындықтан банк карталарымен, электронды төлем жүйесі арқылы жүзеге асыруға болады.
  • Қалаларға жеткізу қызметі бойынша, сайттан білуге болады. Негізінен кибержұмаға қатысушы дүкендер тауарларын Қазақстанның кез-келген қаласына жеткізіп береді. Алдын ала сіз тұратын қалаға жеткізілетіні туралы білгіңіз келсе, "Серіктестер" деген бөлімге кіріп қарауға болады.
Сондай-ақ, жеңілдіктер күні туралы akib.kz сайтынан да толығырақ білуге болады. Кибержұмада өзінің тауарларын ұсынатын онлайн-дүкендер тізімі: Киімдер мен аксессуарлар: — Lamoda.kz — Bottegaitaliana.kz — Bashmak.kz — Handmade.kz — Kostyum.kz — Mascagni.kz — Serpantin.kz — Watchshop.kz — Flirtshop.kz — Dom-chasov.kz — Dapapa.kz — Perchiknadom.kz Техникалар: — Alser.kz — Chocomart.kz — Cyberland.kz — Disti.kz — Flypro.kz — Белый ветер — Intermarket.kz — Технодом — Yamusica.kz — Chinashop.kz — Forcecom.kz — Comeon.kz — Satelonline.kz — Satam.kz — Tao.aibo.kz — Disti.kz Сервистер: — Besmart.kz — Blizzard.kz — Avito.kz — Chocofood.kz — Chocotravel.com — foodpanda.kz — Flight.kz — KupiVIP — Mirkuponov.kz — Ticketon.kz Үй және авто тауарлары: — Thefurnish.kz — Отвертка.kz — Mirkoles.kz — Mikhalych.kz — Kabinka.kz — Gepard.kz — ecar.kz — Expertshop.kz — Coffeeone.kz — Altescom.kz

Похожие материалы