Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ЕАЭО елдерінде ортақ валюта енгізу мәселесі кейінге шегерілді

ЕАЭО елдерінде ортақ валюта енгізу мәселесі кейінге шегерілді

Ресей Орталық банкі Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде ортақ валюта енгізу мәселесі бойынша зерттеу жүргізуді кейінге қалдыруды шешті, деп жазады "Известия" басылымы.

Банк өкілінің айтуынша, ортақ валюта енгізу мәселесін қарау үшін ЕАЭО шеңберінде экономикалық одақ құрылысын толық көлемде аяқтау қажет болады. Сонымен қатар, тауар айналымының, аумақтағы қызмет пен капиталдың еркіндігін қамтамасыз ету керек. Ортақ валютаны енгізу үшін ЕАЭО елдері орталық банктерінің позицияларымен, бірыңғай ақша-кредит, салық саясаты, келісілген валюта бағамы бойынша келісімдер жасауы керек. Фото: Tengrinews.kz  

Похожие материалы