Экономика
"Самұрық-Қазына" мен "Бәйтерек", "ҚазАгро" холдингтері жойылуы мүмкін
Егер жекешелендіруден кейін айналысатындары болмаса, "Самұрық-Қазына", "Бәйтерек", және "ҚазАгро" холдингтері жойылуы мүмкін. Бұл туралы жыл сайынғы Жолдауында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді.
"Қазір мемлекеттік сектордағы жекешелендіруді алып тастау маңызды. "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңды және Азаматтық Кодексты қайта қарау қажет. Жекешелендіруге жатпайтын стратегиялық обьектілерд қысқарту керек. Үкіметке мемлекет иелігіндегі барлық ұйымдарды қамтитын жекешелендіру туралы жаңа бағдарлама әзірлеуді тапсырамын. Оның ішінде "Самұрық-Қазына", "Бәйтерек" және "ҚазАгро" бар. Жекешелендіруден кейін бұл 3 ірі басқарушы холдинг жұмыспен айналысатын ыңғайлы ұйымдарға айналуы тиіс. Егер айналысатын жұмыстары болмаса, оларды жою керек", - деп мәлімдеді Қазақтан Президенті.
Н.Назарбаетың атап өтуінше, мемлекеттік сектордағы 7 мыңнан астам кәсіпорын инвестиция тартуға кедергі келтіріп отыр. "Керек, керек емесі бар. 7 мың! "Самұрық-Қазына", "ҚазАгро" холдингтері өндіріс пен ауылшаруашыық секторындағы ірі активтерді тиімсіз басқарып отыр", - деп түсіндірді Н.Назарбаев.
Оның сөзінше, "Самұрық-Қазына" қорының активтері "500-ден астам еншілес немерелері мен шөберелерін қосқанда" жалпы ішкі нарықтың 40 пайызын құрайды. "Халық ол немерелер мен шөберлердің қайдан шыққанын түсінбей қалуы мүмкін,- деп атап өтті мемлекет басшысы.
"ҚазАгро" және "Бәйтерек" бюджет пен банк арасындағы бәсекелестікке ілеспейтін делдалдарға айналды. Олардың барлық кәсіпорындарында штаттары ірі бюджеттік ресурстарды шығындап, есепсіз көбейген. Мұның барлығы инвестициялар мен ұсыныстардың назардан тыс қалуына әкеледі", - деп түсіндірді Н.Назарбаев.