Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Н.Назарбаев: Банкроттықтан қорқатын ештеңе жоқ

Н.Назарбаев: Банкроттықтан қорқатын ештеңе жоқ
Отандық нарық банкроттықтан қорықпауы қажет. Бұл туралы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді.  "Егер бәсекелестік туралы айтар болсақ, тиімді нарықтық реттеумен қатар банкроттық қатар жүруі қажет. Ұтылғандар нарықтан кетуі қажет. Ал бізде мұндай емес. Тиімсіз, табыссыз компаниялар кезекке тұрып, субсидиялар мен несиелер алып, қолын жайып мемлекетке келеді. Бірде-бір дамыған елде банкроттық экономиканың тоқырауына әкелмейді. Мен АҚШ-та 3 аптаға жуық уақыт болып, бірнеше штаттарын араладым. Миллиондаған фермерлер банкроттыққа ұшырап, қайта жұмысын жалғастырып, өркендеп жатады. Бізде банкроттық туралы естісе есігіне құлт салып, адамдар жұмыстан кетеді. Кәсіпорынды банкроттыққа жеткізген заң алдында жауап беруі тиіс. Оның орнына басқа біреуі келіп, кәсіпорынды қайта дамытады. Бізде мұндай емес. Біз үнемі тиімсіз компанияларға көмектесеміз, бірақ бұлай жалғаса беруі дұрыс емес. Бұл -нарық шарты, бұл - бәсекелестік шарты", - деді Президент жолдауы кезінде. Мемлекет басшысы үкіметке физикалық және заңды тұлғалар үшін банкроттық ұшырау туралы арнайы заң жобаларын дайындауды тапсырды. "Банкроттықтан қорқатын ештеңе жоқ", - деді Н.Назарбаев.

Похожие материалы