Экономика
«ҚазАгро» мен«Бәйтерек» Президентке тиімді екенін дәлелдейді
«ҚазАгро» мен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингтері Президентке тиімді екенін дәлелдейтін болады. Осы үшін компанияларда екінші рет ірі оңтайландыру жүргізіледі, деп жазады vlast.kz.
ҚР Президентінің жолдауынан кейін, «Бәйтерек» холдингінің төрағасы Қуандық Бишімбаев осынау күрделі кезеңде компанияның жағдайы мен тиімділігін дәлелдеу қажет деді. "Мен бұл жерде Прездентпен келіспеймін деп айта алмаймын. Бізге тек бір нәрсе қалып тұр. Ол біздің тиімділігімізді және жетістігімізді іспен көрсету",- дейді ол.
Сонымен қатар, Қ.Бишімбаев холдингте бар жоғы 100 адамның жұмыс істеп жатқанын, алайда үкіметтің оңтайландыру үшін компания құрылымын тағы да мұқият тексеретінін айтты.
"Өткен жылы Президент осындай тапсырма қойды. Біз әкімшілік қызметкерлеріміздің 11%-ын және капиталдық шығындарымызды қысқарттық. Сондықтан біз Президенттің айтқанын сын ретінде қабылдап, ары қарай қарқынды жұмыс істеуге тырысамыз. Меніңше Президент Қазақстан азаматтарына әл-ауқатымыз бен тиімділігімізді іс жүзінде дәлелдеуіміз қажет екендігі туралы маңызды ой айтты",-деді холдинг басшысы.
«ҚазАгро»холдингі туралы ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков пікір білдірді. "Бұл тапсырмаға сәйкес, жақын арада біз кейбір мемлекеттік қаржы институттарын жекешелендіру туралы жоспар ұсынамыз. Ал холдингтің басқа құрылымдары оңтайландырылады. Егер холдинг құру қажеттілігі жоқ болса, онда бұл институт үкімет немесе министірліктің қамқорлығымен дербес жұмыс істей береді",-деді. А.Мамытбековтың сөзінше, «ҚазАгро» қызметі сөзсіз оңтайландырылады, бірақ оны жою туралы мәселе айтылған емес.