Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

А.Мамытбеков: 2016 жылы нан тапшылығы болады деп айтуға негіз жоқ

А.Мамытбеков: 2016 жылы нан тапшылығы болады деп айтуға негіз жоқ

Ауыл шаруашылық министрі Асылжан Мамытбеков Халық банкінің басшысы Үміт Шаяхметованың  нан тапшылығына қатысты қаупін жоққа шығарды. Бұл туралы ведомства басшысы Президент  Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауы басталардан бұрын журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді. 

Министрдің атап өтуінше, фермерлерге 2016 жылы осы жылға қарағанда әлдеқайда көп субсидия беріледі. "Келесі жылы 15 млрд теңгеге көп субсидия беріледі деп айтқанымның өзі жеткілікті болатын шығар", - деді ол журналистерге.

Министрдің сөзінше, субсидияның қомақты бөлігі іске келгенде тиімсіз болып шығады. Осыған байланысты жақын арада мемлекеттік қолдаудың барлық түрі сарапқа салынып, тек тиімділері ғана қалдырылады. "Нәтижесіз субсидиялар өте көп. Ал тиімділеріне ақша жетпейді. Біз қайта қарап, тиімсіз жеңілдіктерді алып тастап, нәтиже беретіндеріне қаржыны көбейтпекшіміз. Бірақ жалпы алғанда олар азаймайды, көбейе түседі. Тиісінше оларды тиімділігі де көбейеді. Сондықтан осыған дейінгі айтылған қауіптерді негізсіз деп есептейміз", - деді А.Мамытбеков.

Айта кетейік, осыған дейін Халық банк басқарма төрағасы Үміт Шаяхметова фермерлерді қаржыландыру жеткіліксіз болғандықтан Қазақстанда нан тапшылығы болуы мүмкін деген болжам жасаған еді.

Фото:nur.kz

Похожие материалы