Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2015 жылдың 11 айында салық түсімі 105 пайызға орындалды

2015 жылдың 11 айында салық түсімі 105 пайызға орындалды

Алматы қаласы мемлекеттік кіріс органдарының компенсациясына кіретін міндетті төлемдер мен салық көлемі 1 130,1 млрд теңге болды. Жоспар 105%-ға орындалды. Бұл туралы Алматы қаласы мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Аталған көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 60,6 млрд теңгеге артты. Алматы қаласы бойынша Республика бюджетіне 860,8 млрд теңге түсті. Оның ішінде салық төлемі 695,0 млрд теңге, кедендік төлем 165,8 млрд теңгені құрады.

Алматының жергілікті бюджетіне жыл басынан бері 269,3 млрд теңге түсті. Жоспар 100%-ға орындалды.
 Фото: yk-news.kz

Похожие материалы