Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Түркия Ресей санкциясына қарсы шаралар дайындап жатыр

Түркия Ресей санкциясына қарсы шаралар дайындап жатыр

Түркия Ресей жариялаған санкциялардан келген шығынардың орнын толтыру үшін шаралар дайындап, оны іске қосуға дайын. Бұл туралы Түркия премьер-министрі Ахмет Давутоглу бизнес өкілдерінің алдында сөйлеген сөзінде мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазТаг ТАСС-қа сілтеме жасап.

"Біз Ресейге қатысты дағдарысты шыдамдылықпен реттеуге тырысамыз. Атып түсірген ұшақ үшін кәсіпкерлерді жазалау халықаралық заңнама ережесіне қайшы. Біз Мәскеудің санкцияларына қарсы шаралар дайындап жатырмыз. Егер қажет болса, оны да жария етеміз", - деді А. Давутоглу. Сондай-ақ, ол Ресейді "шиеленісті бірлесе шешуге және мәселелелерді үстел үстінде талқылауға" шақырды. "Біз экспортымызды қорғау шаралары туралы ойландық. Зардап шеккендердің шығындарын өтеу шаралары қарастырылып отыр. Мен ресейлік достарға қаратып айтамын. Барлық мәселелерді үстел үсіндегі келіссөздер арқылы шешейік. Экономикалық санкциялар арқылы қарым-қатынасымызды бұзбайық", - деді ол. Фото: news-front.info

Похожие материалы