Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қараша айында Қазақстандағы орташа күнкөріс мөлшері 8,1% төмендеді

Қараша айында Қазақстандағы орташа күнкөріс мөлшері 8,1% төмендеді

2015 жылдың қараша айында, Қазақстандағы  ең төменгі күнкөріс деңгейі 19497 теңгені (осы жылы 307,76/$1) құрады. Бұл өткен аймен салыстыранда 8,1%-ға  төмен деп экономика министрлігінің Статистика комитеті хабарайды .

Бұл көрсеткіш 2014 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 3,9%-ға артқан. Статистикалық ақпарат бойынша, қараша айындағы азық-түлік өнімдерінің төменгі күнкөріс мөлшері 11698 теңгені құрап, азық-түлік емес тауарлар және ақылы қызмет көрсететіндердікі 7799 теңге болды. Статистикалық комитеттің мәлімдемесіне сәйкес, өткен айдағы 13 жасқа дейінгі балалардың күнкөріс деңгейі 15725 теңгені, 14-17 жас аралығындағы жігіттердікі - 24644 теңгені, осы жас аралығынағы қыздардікі 18885 теңгені, еңбекке қабілетті ерлердікі - 23171 теңгені, әйелдердікі - 18397 теңгені және зейнеткерлер мен қарттардікі -18263 теңгені құрады. Қазақстан халқының саны 17,6 млн адамнан асады. Фото:almaty.tv 

Похожие материалы