Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«ҚМГ Өнімдері», «Гелиос» және «Sinooil» компаниялары бағаны ымыраласып көтеріп жіберген

«ҚМГ Өнімдері», «Гелиос» және «Sinooil» компаниялары бағаны ымыраласып көтеріп жіберген

«ҚМГ Өнімдері», «Гелиос» және «Sinooil»  компанияларына ымыраласып баға көтергендері үшін  220 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы Серік Жұманғарин мәлімдеді.

«2015 жылдың 13 қарашасында бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекет белгілері бойынша «ҚМГ Өнімдері», «Гелиос» және «Sinooil»  компанияларына қатысты тергеу амалдары аяқталды. Айыппұлдың болжамды көлемі 220 млн теңгеден асады»,-  деді ол. С. Жұманғариннің сөзінше,  комитет жанар-жағармайдың босату құнын арттыруға байланысты монополияға қарсы реттеу шараларын қабылдау аясында 23 субъектіге тергеу амалдарын тағайындаған. «Шағын және орта бизнес субъектілеріне бағаны келіскені үшін алған табыстарынан 3%, ірі бизнеске 5% мөлшерінде айыппұл салынды»,-  деді С.Жұманғарин. Фото: nurotan.kz

Похожие материалы