Айгүл Мүкей SNC Kazakhstan журналын басқаратын болды
04 декабря, 2015
Белгілі журналист Айгүл Мүкей SNC Kazakhstan журналының бас редакторы болып тағайындалды. Сондай-ақ басылымның иесі де өзгерген.
Журналдың жаңа иесі ROCK OF [AI] компаниясы event-маркетинг, digital-маркетинг, PR және бизнес-консалтингпен айналысатын креативті бюро.
SNC Kazakhstan журналы франшизамен 2014 жылдан бастап шығарылып келеді.
Жақында Айгүл Мүкейдің "Экспо-2017" Ұлттық компаниясындағы қызметінен кетіп, белгісіз журналды басқаратыны туралы ақпарат тараған еді.