Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қырғызстан экономикасында доллардың ықпалы күшейіп барады

Қырғызстан экономикасында доллардың ықпалы күшейіп барады
Қырғызстан экономикасында доллардың ықпалы күшейіп барады. Кеше парламент отырысында Ұлттық банк төрағасының орынбасары Нұрбек Жениш  осылай мәлімдеді.  Оның айтуынша АҚШ доллары бағамының өсуіне үш фактор әсер етіп отыр. Бірінші, мұнай бағасының (120-дан 40 долларға дейінгі) төмендеуіне байланысты Ресейде рубль құнсызданды. Бұдан Қазақстан да зардап шекті. "Сондықтан Ресей мен Қазақстандағы экономикалық жағдайы сәл күрделірек. Осыған байланысты, еңбек мигранттарының Қырғызстанға жіберетін ақша аударымдары төмендеді. 2015 жылдағы он айдың нәтижесі бойыншы 1 млрд доллар болды. Бұл көрсеткіш өткен жылы 1,4  млрд доллар болған еді",- дейді Н.Жениш. Екінші фактор ретінде ол экономика құрылымындағы өзгерістерді айтты. Атап айтқанда, импорт экспорттан 2-3 есеге басым болып отыр. "Үшінші психологиялық фактор. Рубль мен теңгенің төмендеуіне байланысты, қырғызстандықтар сом да төмендейді деп есептейді. Сондықтан долларға басымдылық беріп отыр", - деді Н. Жениш. Елдің Ұлттық банкі доллардың басымдылығын азайту үшін жақында 260 млн доллар көлемінде интервенция жүргізген. Сондай-ақ банктерге капиталын 200 млн сомнан 300 млн сомға дейін ұлғайту тапсырылған. Алдағы уақытта бұл көрсеткіш 600 млн сомға дейін жетпекші. Сонымен қатар долларсыздандыру шарасының бір тетігі ретінде Ұлттық банк халыққа алтын құймаларына инвестициялауды ұсынған. Мәселен, мамыр айынан бері 140 млн сомға 54 келі алтын сатылыпты. Н.Жениш бұл шараларға қарамастан елде доллардың ықпалы күшейіп отыр, бұған баса мән беру керекпіз деді. Фото:ru.sputnik.kg

Похожие материалы