Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Астанада 64 жер учаскесі аукцион арқылы сатылды

Астанада 64 жер учаскесі аукцион арқылы сатылды

Осы аптада Астанада бес аукцион өткізіліп, 64 жер учаскесі сатылымға шығарылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

64 учаскенің 35-і  441,2 млн теңгеге сатылған. Қалған 29 учаске алдағы уақытта қайта сатылады. Келесі аукцион 9 желтоқсанда өтпек, онда 15 жер учаскесі сатылымға шығарылады. 

Астана қаласы Жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының хабарлауынша, қалада 5,9 мың га жуық жер жалға берілген, соның ішінде жалпы ауданы 4,2 мың га құрайтын 12 жер учаскесі ауыл шаруашылығы, жалпы ауданы 1 мың га 671 жер учаскесі өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және т.б. үшін пайдаланылады.  Жалпы ауданы 0,7 мың га 3049 жер учаскесі елді мекендер болып табылады. Фото: gelio.livejournal.com

Похожие материалы